27
Сейсенбі,
Шілде

һижри

«Мұнара» газеті үстел теннисінен турнир өткізді

«Мұнара» газеті үстел теннисінен турнир өткізді

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

Еліміздің бас қаласында қызмет етіп жүрген баспасөз саласының 16 өкілі турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Топтық кезеңнен қара үзіп шыққан 8 мықты өзара бас жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде жылдам әрі тартымды ойнаған «Қазақ радиосының» дикторы Мұхаммедәли Болатұлы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ғана ұпайы жетпей қалған «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы екінші орынды місе тұтса, үшінші орын «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Алмас Манапқа бұйырды. Қалған бес қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Жеңімпаздарды марапаттаған ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан турнирге қатысушыларға алғыстарын білдірді.

b0a92b03-d8e7-48e7-abcc-09c7ad8ff6c0.jpg

42fab8ba-5ff9-451f-ba40-b4929cb7d24a.jpg

44c96c0b-4f1b-4389-9084-5f8f5e4106a6.jpg

aefed8d5-e2c4-4bf8-a3c0-6a99de90c73c.jpg

4e40f29e-33fe-4cf0-b1ad-95cf6171d2ef.jpg

932608a7-efc6-4f4f-bd19-b6f81950949e.jpg

11f0fb0e-7df2-43c0-b97e-1e070cce11dc.jpg

Бөлісу: