09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Ақтөбе: БАҚ өкілдері марапатталды

Ақтөбе: БАҚ өкілдері марапатталды

Жаңалықтар
Жарнама

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Ақтөбе облысында баспасөз өкілдері ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

Бас мүфти марапатын Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы «AQTOBE» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасының ұжымына табыстап, өзара бірігіп жасаған іс-шараларда қолдау білдірген телеарна басшылығына ерекше алғысын айтты.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінің www.nurgasyr.kz ресми сайтының қызметкерлері наиб имам әрі 2016 жылдан бері сайт редакторы қызметін атқарып келе жатқан Нұрбол Смағұловқа және белсенді жұмыс көрсетіп, ыждағат танытып келе жатқан сайттың дизайнері Садық Өтегеновке арнайы Бас мүфтидің өзі жолдаған құттықтауы мен алғыс хатын, сондай-ақ ынталандыру сыйақысын табыстады.

d4840149-04f9-4718-a221-0460b6acc2fb.jpeg12b3674d-96de-496b-977f-0b75cb13927a.jpeg

92296efb-e763-41ed-81a9-da737448c097.jpeg

1_3MFOrFJ.jpeg

Бөлісу: