28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Елорда өкілдігінің БАҚ қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырылды

Елорда өкілдігінің БАҚ қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырылды

Жаңалықтар
Жарнама

28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша Баспасөз саласының мамандарына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов Елорда өкілдігіне қарасты Muslim.kz, Ummet.kz, Sunna.kz сайттарының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хатын» табыстады.

Елорда өкілдігіне қарасты үш сайттың да бүгінгі таңда ғаламтор бетінде өзіндік орны мен оқырманы қалыптасқанын, бұл жетістікке сайттағы барша ұжымның – журналист пен оператордың, монтажер мен дизайнердің бірлесе атқарған еңбегінің арқасы екенін атап өткен Бас имам өз ризашылығын білдірді.

Жиын соңынан қызметкерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, өкілдік тарапынан құрмет көрсетілді.

57c60f7fb5d0c9817c4c8b7d9363ae27.jpg

0b696a498182060d67a79ceb02df9ac8.jpgc3c90328346695196b201aeec406bd50.jpg

46680ed426cac74c3449a64e8e509ca1.jpg

80d4c4a6b82428e07cc13b629c02d76d.jpg

9dc7b9398933654ef7bd0ef461992ce2.jpg

Бөлісу: