02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Нұр-Мүбарак университеті Түркияның Карабюк университетімен меморандумға қол қойды

Нұр-Мүбарак университеті Түркияның Карабюк университетімен меморандумға қол қойды

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Мүбарак университеті халықаралық деңгейдегі әріптестік аясын кеңейтуде. 52 мың студенті бар, оның ішінде 92 мемлекеттен шетелдіктер де білім алатын Түркияның Карабюк университетінің басшылығы Нұр-Мүбарак университетімен ынтымақтастық орнату мақсатында қазақ жеріне арнайы ат басын тіреді.

Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев құрметті қонақтарды арнайы қабылдап, университет жайлы жан-жақты ақпарат берді. Карабюк университетінің ректоры, профессор Рефик Полат, проректоры профессор Муджахит Көшкін, Халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші Ойа Өналан университетпен танысып қана қоймай, болашақтағы әріптестік жөнінде де жан-жақты талқылады. Арнайы қабылдаудан кейін қос тарап ресми түрде екіжақты меморандумға қол қойды.

Карабюк университеті Түркияның Карабюк қаласында орналасқан. Академиялық құрылымы 14 факультет, 4 аспирантура, 4 мектеп, 7 кәсіби училищеден тұрады. Факультеттері – әдеби, жаратылыстану ғылымдары, дизайн және бейнелеу өнері, экономикалық және әкімшілік ғылымдар, теология, менеджмент, инженерлік, техникалық, технологиялық, медициналық сала бойынша. Мектептері – темір мен болаттың жоғары мектебі, табиғи және қолданбалы ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, медициналық ғылымдар жоғары мектебі. Сондай-ақ денсаулық мектебі, Хасан Доган атындағы дене шынықтыру және спорт мектебі, шет тілдері мектебі, т.б.

Күн сайын аясын кеңейтіп келе жатқан Нұр-Мүбарак университеті шетелдік әріптес оқу орындар қатарында болашақта Карабюк университетінде де  студенттер мен магистрант, докторанттардың тағылымдамалары және семестрлік білім алу мүмкіндіктерін қарастырмақ.

3801bac9-211b-4dbf-8b6f-bbc14a59b753.jpg

991d5196-00a0-448a-9136-04624a5377f3.jpg

4725a81b-7143-4b28-a59e-a2e980e62abe.jpg

Бөлісу: