05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Ақтөбе: Тасаттық намазын оқып, құрбан шалды

Ақтөбе: Тасаттық намазын оқып, құрбан шалды

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы қаланың жамағаты және мешіт ақсақалдарымен бірге табиғат аясына шығып, тасаттық намазын оқыды.

Бас имам жиылған жамағатқа тасаттық беру, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін атап өтті. Одан кейін жамағатпен бірге екі бас намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды. Содан соң Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

Алланың қалауымен Ақтөбе қаласында жаңбыр жауды. Жергілікті жамағат дұғаларын қабыл еткен Раббымызға мадақ айтты.

a9325e4c-347b-4382-972c-bc0467fa8c3f.jpeg

d9348fda-46a3-4c3a-b66a-f430e1e8ab83.jpeg

d10c1b75-4d95-4eaa-ae80-5820aa6767ca.jpeg

Бөлісу: