29
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қостанай: Ихсан жайлы жаңа кітап жарық көрді

Қостанай: Ихсан жайлы жаңа кітап жарық көрді

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти бастамасымен биыл Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп, түрлі игі істер атқарылып келеді.

Қазігі таңда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы жарық көріп, зиялы қауым өкілдері мен жалпы жұртшылық тарапынан қолдау тапты.

Ихсан жылына орай ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігі де жаңа кітап әзірлеп шықты. Облыстық орталық мешітте «Ихсан – рухани кемелдену жолы» кітабының танытымы өтті. Бұл – өкілдіктің биылға жоспарлаған қос кітабының алғашқысы. Оған облыстағы бірқатар аудан және қала имамдарының тың ізденісінен туған мақалалары енді.

Танытым жиынын Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет ашып, Ихсан ұғымының мән-мағынасын түсіндірді. Басқосуға арнайы шақырылған алқа мүшелері, зиялы қауым және мешіт жанашырлары қатысты.

Діни тақырыпқа көптен бері қалам тартып жүрген Қазақстанға танымал қаламгер, ақын және ғалым Ақылбек Шаяхмет сөз сөйлеп, баспадан шыққан жаңа кітапқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салды.

Алқа мүшелері мен құрметті қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды.

517c7b28-3060-4a17-be88-a7293665a236.jpg

821b0946-d2cf-42eb-b0e7-19e573e3c475.jpg

20bc19f3-9bd3-4b0b-b885-2c387b347371.jpg

ec84d6fa-33ef-4016-851c-e646e42ef6a5.jpg

Бөлісу: