26
Жұма,
Сәуір

һижри

Елордада бүгін 450 қой сойылды

Елордада бүгін 450 қой сойылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталып, исі мұсылман жұртшылығы ұлық мерекені барынша сауапты өткізуге кірісіп кетті. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, мұсылман жамағатының айт күнгі алғашқы атқаратын ісі – намаз оқу, одан кейінгі амалы құрбандық шалу.

Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты кей өңірлерде айт намазы оқылмағанмен, құрбандық шалу ісі санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілу үстінде.

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша құрбан шалу рәсімі таңғы сағат сегізден басталып та кетті. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен қала бойынша биыл төрт нысан QURBAN2021.KZ жобасы аясында қызмет көрсетуге жұмылдырылған болатын.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері төрт нысан бойынша құрбан шалу рәсімін атқарып, QURBAN2021.KZ сайты арқылы тапсырыс берген жандардың аманатын мүлтіксіз орындауға тырысты. Әрбір тапсырыс берушінің құрбандығын сою барысынан видео есеп әзірленіп, бүгін бірден иелеріне жөнелтіліп отырды.

Айта кетейік, өкілдік қызметкерлерінің ұйытқы болуымен айт мерекесінің алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 450 қой және 21 сиыр малы құрбандыққа шалынды. Құрбандық еттері сол жерден бірден бөлшектеліп, арнайы пакеттерге бөлініп, еріктілер арқылы мұқтаж жандардың мекенжайына жол тартты. Игілікті шара айт мерекесі бойы, яғни үш күнге созылады.

75684e2f068d0f62acdfccee41aec707.jpg

15ab1dc174d0c069a7eb7b649ab5283e.jpg

583998adf664a57fc3979a739cd0e873.jpg

19a012c6b6dc06a718693bc9374808db.jpg

bd50707750c8fa6b92609bd25c36001a.jpg

425189bc179ccfab79a83bc40d957594.jpg

Бөлісу: