29
Жұма,
Наурыз

һижри

Павлодар: 438-ші баспана берілді

Павлодар: 438-ші баспана берілді

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының  «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша 438-баспана  Павлодар облысы Ақсу ауданына қарасты Мәмайт Омаров ауылында берілді. 

 Бұл баспана көпбалалы, көмекке мұқтаж болған отбасыға бұйырды. Игі шара барысында облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен республика аумағында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында осы мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепші бола алдық. Аталмыш жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа жеткізген насихатының нәтижесінде іске асуда» дей келе, жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы тұшымды уағызын айтып, баспана кілтін табыстады.

Бұл жолғы сауапты шара Ақсу қаласының бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың ұйымдастыруымен кәсіпкер азаматтың қолдауымен жүзеге асыпты.

Сондай-ақ, жаңа қоныс иелеріне  Ақсу қалалық мешіті  кілем тарту етіп, баспана құжаттарын толық рәсімдеп берген. Аталмыш баспана ауылдық жерде болса да, іші-сырты толық жөндеуден өткен,  таза су құбыры тартылған, жуынатын, дәрет алатын бөлмелері заманауи құрылғылармен толық жабдықталған.

21636c47-0709-49ba-9b63-c4ae30ba5bf8.jpg

73e91118-91a6-42af-b04b-f3f0a48ba870.jpg

Бөлісу: