Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды

Имамдар үйінде біліктілікті арттыру семинары басталды

Жаңалықтар
Жарнама

Жамбыл облысы Қордай ауданының Сортөбе ауылында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен былтыр «Имамдар үйі» ашылғаны белгілі. Сол уақыттан бері Имамдар үйінде түрлі іс-шаралар, игі бастамалар бастау алды.

Бұл мекеменің ашылу мақсатының басы да осы – халық арасындағы ауызбіршілікті нығайту, көпшілікпен рухани тұрғыда жұмыс жасап, ел ішіндегі түйіткілдерді тарқатып, реттеп отыру.

Дәл осы бағытқа аса басымдық танытып жатқан Имамдар үйінде бүгін имамдар білімін жетілдіру бойынша жазғы семинар басталды. Ислам діні насихаттағандай бейбітшілікті ұстанып, бір үйдің баласындай ұйымшылдықта болу үшін ұлттар арасында дәнекер боп жүрген дін мамандарының білімін жетілдіру аса маңызды. Сондықтан әуелі, аудан бас имамдарына 1 күндік оқыту семинары өтсе, онымен қоса ауыл имамдарына 2 апталық 72 академиялық сағаттан тұратын дәрістер жүргізілмек. 

Оқыту семинарының ашылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, дін мамандары қатысты.

Ауыл имамдарын білім-біліктілігін арттыру мақсатында бастау алған шарада елімізге танымал PhD доктор, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Асқар Әкімханов «Матуриди сенім мектебі» турасында дәріс оқыды.

Бүгінгі 1 күндік семинарда сонымен қатар «Мүфтияттың құрылу тарихы», «Ислам тарихы», «Уағыз әдістемесі» сынды бағыттар бойынша сабақ жүргізілді. Осы және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандар 2 апта бойы семинарда тереңдетілген білім бермек.

Photo-1627292075-82394.jpg

Photo-1627292077-19467.jpg

Photo-1627292075-19140.jpg

Бөлісу: