18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Жеті бағыт бойынша жұмыс талқыланды

Жеті бағыт бойынша жұмыс талқыланды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.

Жиналыста облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы мешіттер тарапынан бүгінгі таңда атқарылып жатқан уағыз-насихат, пәтуа, ихсан, халал, зекет, кадр даярлау, діни оңалту жұмыстары бойынша жетістіктер мен кемшін тұстарын жеке-жеке талдап, қорытындылап айта келе, имамдарға ҚМДБ бекіткен жұмысты 7 бағыты бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар алдағы уақытта қала, аудан имамдары бірлесіп арнайы кесте бойынша аудан, ауылдарда зекет парызының сауабын насихаттауды қолға алу, халыққа «Әбу Бəкір Сыддық» медресесін және «Мәшһүр Жүсіп қарилер даярлау орталығын» насихаттау, шәкірттер даярлау жұмыстары жүктелді.

Жиналыс соңында діни оңалту жұмыстары бойынша белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізіп, бұл бағытта белсенді жұмыс жасаған «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев пен Екібастұз мешітінің наиб имамы Дидарға Сальманов Бас мүфти атынан берілген алғыс хат табыс етілді.

035f4fb0-2950-4162-86fe-4b2885c0d916.jpg

4b32e9e7-430c-4999-91a7-c970a0df717e.jpg

Бөлісу: