28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Имамдар киелі орындарға зиярат жасады

Имамдар киелі орындарға зиярат жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасын насихаттау мақсатында саяхат ұйымдастырылды.

Рухани сапарға шаһардың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы бастаған наиб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және бірқатар мешіт имамдары қатысты.

Алдымен имамдар Түркістан облысы Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, өлкенің тарихи орындары тамашалады. Одан кейін Түркістан қаласына ат басын бұрып, түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ат басын тіреді.

Қос шаһардың тарихы мен киелі орындар туралы наиб имам Мұхамеджан Естеміров саяхатшыларға жан-жақты түсіндіріп берді.

«Darhan Dala» жобасының мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру. Кейде киелі орындарға зиярат жасау рәсімдері кезінде шариғат талаптары сақтала бермейді. Осындай олқылықтың орнын толтыру қажет» деді  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы.

4b182305-3c36-42a6-9b13-251006e3a0d8.jpg

a0727453-fad2-48a6-85fd-3621726d5eec.jpg

0cb843c3-18bc-4a5e-b7ca-c2b37119ead9.jpg

Бөлісу: