02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Жастар күніне орай онлайн семинар-тренинг өтеді

Жастар күніне орай онлайн семинар-тренинг өтеді

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы 11 тамыз күні «Жастық шақтағы кемелділік» атты онлайн форматта республикалық жастар семинар-тренингін өткізеді.

Семинар мақсаты – Жастардың ішкі потенциал мен шығармашылық қабілеттерін арттыру және өзін-өзі дамытуға алғышарттар беру.

Халықаралық жастар күніне орай өтетін семинарда жастардың арасында танымал дін, спорт, психология және тұлғалық даму саласы бойынша кәсіби мамандар, атап айтқанда, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы, абайтанушы «Толық адам және 4 даму» жобасының авторы Ернат Мелсұлы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD докторант, исламтанушы Әбілқайыр Мәдиұлы, «Qsport» жобасының жетекшісі, спорт жаттықтырушы Жандос Абумуталифұлы мен психология ғылымдарының магистранты, жас психолог Ақторғын Даниярқызы дәріс оқиды.

Семинар-тренинг 200-ге жуық адамның қатысуымен ZOOM платформасында 11 тамыз сағат 11:00-де басталады. Сонымен бірге МУФТИЯТ ҚМДБ Youtube каналында тікелей эфирден көрсетіледі. Көрермендер дәріскерлерге тікелей эфир кезінде тақырыпқа байланысты сұрақтарын жолдай алады. Дәріскерлер мүмкіндігінше сауалдарға жауап береді.

cc891e7e-953e-4afe-a40c-5d11e894bb33.jpg

567448af-4779-4695-8ab9-fb4b2d3fa0bc.jpg

3d7de84d-48d4-4b60-81b4-b9f1f2fcf2db.jpg

b353195e-c2c0-481e-9991-d3363e17b390.jpg

1a6b673f-88df-4478-997f-0f86a8fe92b6.jpg

be8d3d9d-ff9f-4e39-897d-9b2b702df5db.jpg

Бөлісу: