10
Жұма,
Мамыр

һижри

Қызылорда: 1000-нан астам оқушыға қуаныш сыйлады

Қызылорда: 1000-нан астам оқушыға қуаныш сыйлады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық қоры» қаламыздағы бірқатар кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға мектеп құралдары мен сөмкелер табысталды. Игі шараға қатысқан ата-аналар ризашылық білдіріп, аталған шараны ұйымдастыруға үлес қосқан барша ел ағаларына алғыс айтты.

«Жаңа оқу жылы басталғанда әр ата-ана балаларына қуаныш сыйлап, барлық қажетті заттармен қамтамасыз еткісі келеді. Алайда бір отбасында бірнеше бала мектепке баратындықтан, жағдайы төмен отбасыларға аздап қиындық тудырады. 3 балам мектепке барады, алайда былтырғы мектеп сөмкелерін сүртіп, жуып беремін, ескілеу болса да мектепке сонымен баратын болды деп іштей қамығып жүрген едім. Осындай қиналған сәтте мешіт тарапынан жасалған бұл көмекті өте қатты бағалап, алғыс білдіремін. Балаларыма қуаныш сыйладыңыздар. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!» деді 3 баланың анасы.

Жаңа оқу жылы қарсаңында мешітте өткен бұл іс-шара 1000-нан астам балаға шынайы қуаныш сыйлады. Осы тұрғыда ««Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушылардың қуанышына себеп болған, оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған мешіт имамдарына, кәсіпкерлерге және жомарт жандарға шексіз алғыс білдіреміз.

4a0cdc68-d199-49ef-91ec-4f9a4d557785.jpg

9b1ca2bd-0802-4f25-9c4c-d44419b38308.jpg

f1f32951-0f7f-4a3f-9c39-2728fd815a0a.jpg

Бөлісу: