27
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Қызылорда: Жеті бағыт бойынша жиын өтті

Қызылорда: Жеті бағыт бойынша жиын өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Қызылорда облысының имамдары ҚМДБ бекіткен жұмыстың негізгі 7 бағыты бойынша жиын өткізді. Алқалы жиналыс Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған оқиғаға байланысты ел амандығы үшін дұға жасаумен басталды.

Жиналыста облыс имамы Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ бекіткен жеті бағыт жұмысы бойынша қала және аудан имамдарының 8 айлық есебін тыңдап, әр бағытқа жеке тоқталып, атқарылып жатқан іс-шаралардың мән жайын талқылап, кем-кетіктерін саралап, алдағы 4 айда атқарылуы қажет жұмыстарды бекітті.

Сондай-ақ, өңірдегі мешіттерді қайта тіркеуден өткізу, құжаттарын реттеу, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, жат ағым өкілдерімен күрес жұмыстарын жалғастыру, жеті бағыт бойынша жүйелі жұмыс атқарылуын және айлық есептердің уақытылы жүргізілуін қадағалау, жамағатпен байланысты нығайту секілді мәселелерге тоқталып, нәтижелі жұмыс атқарылуын тапсырды.

bda14cb2-f54a-4e89-9c33-e9731c1656da.jpg

b3e770e7-2cd5-4312-99fa-714e2d5dffde.jpg

effc5b81-9c27-4810-a30b-cf549ee618c7.jpg

5d409b9b-0c8f-4fd7-90a4-767b52cc650a.jpg

Бөлісу: