27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Нұр-Астана»: 20 отбасына бір айлық азық-түлік үлестірді

«Нұр-Астана»: 20 отбасына бір айлық азық-түлік үлестірді

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен және «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында «Нұр Астана» мешітінің ұжымы мен «Сауап» белсенділер тобы қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына бір айлық азық-түлік қорын үлестіріп,  көмек көрсетті. «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылықтардың басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Алла Тағала Құранда: «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) - дейді. Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымына Алла разы болсын!

Qaiyrymdylyq 2

Qaiyrymdylyq 3

Qaiyrymdylyq 4

Qaiyrymdylyq 5

Qaiyrymdylyq 6

Qaiyrymdylyq 7

Qaiyrymdylyq 8

ummet.kz

Бөлісу: