«Әлемнің үздік мұсылман тұлғасы» сыйлығы Эрдоганға бұйырмақ

«Әлемнің үздік мұсылман тұлғасы» сыйлығы Эрдоганға бұйырмақ

Жаңалықтар
Жарнама

Нигерияның «Muslim News Nigeria» газеті Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоганға 2020 жылғы «Әлемнің үздік мұсылман тұлғасы» сыйлығын табыстамақшы, деп хабарлайды «sunna.kz» сайты ресейлік «islam.ru» сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы газеттің редакторы Рашид Абубакар әлеуметтік желілерде жазды. Ол бұл жазбаны #MNAwards2020 хэштегімен бөлісіп,  2020 Global Muslim Identity Awards сыйлығын табыстау рәсімі 18 қыркүйекте Лагос қаласында өтетінін хабарлады.

Әбубакар Эрдоганның  «Түркияның ұлттық қуаты мен экономикасын нығайтқанын» айтты, – деп хабарлайды Анадолу агенттігі. «Президент Эрдоган гуманитарлық мақсаттарды алға тартып, әлемдік сахнада мұсылмандардың құқықтарын қорғауда белсенді қадамдар жасап келеді», – деп жазды ол.

Басылым редакторы сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауда маңызды рөл атқарған түрік ғалымы Угур Шахин мен оның әйелі Озлем Туреджиге «Денсаулық саласының мұсылман мамандары» наградасын беруге ниетті екенін атап өтті. Түрік футболшысы Месут Озил де «Әлемге әйгілі мұсылман» сыйлығымен марапатталмақ.

дереккөз: sunna.kz

Бөлісу: