27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алматы: Орталық мешітке дәрі-дәрмек сөресі қойылды

Алматы: Орталық мешітке дәрі-дәрмек сөресі қойылды

Жаңалықтар
Жарнама

Маусымдық жедел және созылмалы тұмау аурулары күз мезгілінде өршитіні белгілі. Сонымен қатар қазіргі пандемия жағдайын ескере отырып, орталық мешіт жамағаты ішінен жанашыр жас отбасының игі бастамасымен мешіт ішіне арнайы мұздатқышпен жамағатқа тегін дәрі-дәрмектер қойылды.

Алғашқы тұмау белгілері көрінген жандар үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры және дәрі сақтайтын мұздатқышты демеуші өз қаражатына сатып алды. Дәрі-дәрмек қоры арнайы дәріханалардан алынған. Демеушілік жасап отырған жас отбасы Алла үйіне құлшылыққа келген жамағатқа дәрі-дәрмектің пайдасы тиіп жатса қаладағы басқа да мешіттерде осы игі бастаманы жалғастырмақ ниетте. Дәрі-дәрмек қорын толықтырамын деген кісілерге де қарсылық жоқ. Алла разылығы үшін жамағат қамын ойлап ізгі іс жасап отырған демеуші отбасына алғысымыз шексіз.

8ba9d7d0-c694-4878-86bb-2ac7ca44d103.jpg

6141aa3d3b198.jpg

дереккөз: azan.kz

Бөлісу: