16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Шымкент: Науқастардың дертіне шипа тіледі

Шымкент: Науқастардың дертіне шипа тіледі

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі әлемге дүрбелең салған індеттен тез арада құтылу үшін «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» атты жалпы жамағатпен дұға ету шарасын ұйымдастырылды.

Игі шара жария етілген күннен бастап қаладағы барлық мешіт имамдары мен қалалық Әйел-қыздар секторының ұстаздары 150 рет қасиетті Құран Кәрімді толық оқып, хатым етті. Оқылған Құран індетке шалдыққан науқастардың дертіне шипа, барша марқұм болған мұсылмандардың рухы шат болсын деп жасалды.

Іс-шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, наиб имам Қазыбек Сарыбаев,  қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров т.б мешіт имамдары қатысып, бір мезетте, бір уақытта дұға етілді.   

Алла Тағала баршамыздың дұғамызды қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Бөлісу: