07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде жұма уағызын айтты (фото)

Наурызбай қажы Тағанұлы «Иманғали» мешітінде жұма уағызын айтты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында «Иманғали» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Ұлттар мен ұлыстардың жаратылу хикметі» тақырыбында насихат айтқан Бас мүфти: «Алла Тағала жер бетінде ұлттар мен ұлыстарды хикметпен жаратқан. Алланың бұл хикметі бізді бөлінуге емес, керісінше бір-бірімізді тануға, тату өмір сүруге үндейді. Адам баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамда тыныштық пен татулық болмаса адам өмірінен береке кетеді. Біздің бабаларымыз: «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді» деп бекер айтпаған. Хақ Тағала баршамызға бірлік пен берекеде өмір сүруді нәсіп еткей» деді. 

Сонымен қатар Бас мүфти мешітке жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, жұма намазы соңында ел игілігі үшін дұға жасады. 

Бөлісу: