16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қызылорда: Ихсан кітабы зиялы қауымға жеткізілді

Қызылорда: Ихсан кітабы зиялы қауымға жеткізілді

Жаңалықтар
Жарнама

«Ихсан – тәрбие негізі» кітабы Қызылорда облысындағы зиялы қауым өкілдеріне таратылды. Осылайша өңір зиялылары рухани кітаптың құндылығымен танысты.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Muftyat» баспасынан жарық көрген бұл танымдық кітапта тәрбие негізіне қатысты сан сауалдың нақты жауабы қамтылған, аз уақыт ішінде көпшіліктің қолдауына ие болған бірегей туынды.

Зиялы қауым өкілдері кітаптың жарық көруімен құттықтап, құнды еңбектің болашақта жастардың жан азығы, халықтың рухани шамшырағына айналарына сенетінін атап өтіп, ізгі тілегі мен алғысын жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш кітап сондай-ақ Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті мен «Болашақ» университеті кітапханаларына жеткізілді. Облыс имамы бастаған жұмыс тобы Ихсан кітабын кітапханаларға жеткізіп, насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу: