20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі рухына Құран бағыштады (фото)

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі рухына Құран бағыштады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасында болып, марқұмның рухына қасиетті Құран аятын бағыштады.

«Алла Тағала Әбсаттар Бағысбайұлын рақымына бөлеп, артында қалған ұрпақтарына жар болғай. Хақ Тағала асыл дінімізді насихаттауда табанды еңбек еткен хазіретіміздің ізгі істеріне мол сауаптан жазғай» деп дұға етті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ғұламалар кеңесінің мүшелері, белгілі ғалымдар да Әбсаттар қажы Дербісәлі отбасына көңіл айтты.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына он жылдан астам төрағалық еткен Әбсаттар қажы Дербісәлі мүфтияттың дамуына сүбелі үлес қосты.

Бөлісу: