28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

ҚМДБ төрағасы Индонезия елшісін қабылдады (фото)

ҚМДБ төрағасы Индонезия елшісін қабылдады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Индонезия Республикасының еліміздегі елшісі Рахмат Прамоно мырзаны қабылдады.

Кездесуде дипломат Индонезия елі үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен әріптестік байланыс орнату аса маңызды қадам екенін атап өтті. Басқосуда Бас мүфти мен елші діни ағарту, халал өнімдерді стандарттау, Қазақстан және Индонезия Ғұламалар кеңесі арасында әріптестік ынтымақтастықты арттыру, оқу-білім салалары бойынша байланысты нығайту мәселесін талқылады.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың басты жеті бағыт бойынша жұмысы жайлы баяндап берді. Кездесу соңында тараптар оқу-ағарту, білім-ғылым, халал стандарттау саласы бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Айта кетсек, Индонезияда 235 млн мұсылман бар. Халықтың 83 пайызы Ислам дінін ұстанушылардың үлесінде. Аталған елде 30-ға жуық Ислам университеті бар. Оның 23-і мемлекеттік университет екен. Елші Индонезияда Дін істері министрлігі ашылғанын атап өтті.

Бөлісу: