02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қарағанды: «Құран – мәңгі мұғжиза» байқауы өтті

Қарағанды: «Құран – мәңгі мұғжиза» байқауы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Теміртау қаласындағы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен қыздар арасында «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран оқу байқауы өтті. 

Байқауға Қарағанды өңірінің әр аймағынан 20 үміткер қатысты. Байқау қатысушыларына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамдары Дархан Асылтайұлы, Марғұлан Балтабайұлы және Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы сияқты білікті дін қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Жарыс ережелеріне сай қатысушыларға қасиетті Құранның «Әғлә» сүресінен бастап кейінгі сүрелерін, яғни жарты параны жатқа білу, қазылар тарапынан берілген аятты жалғастыру және сұрақтарға жауап беру талабы қойылды.

Байқау қортындасы бойынша жүлделі 1-орынды – Рәбиа Мирзакадирова, 2-орынды – Әмина Баттал, 3-орынды Ханифа Асылтай жеңіп алды. Жүлделі орын иегерлеріне сәйкесінше 50, 30 және 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар берілді.

Бөлісу: