06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: Әйел-қыздар жамағаты Құран хатым жасады

Алматы: Әйел-қыздар жамағаты Құран хатым жасады

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы орталық мешіті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Құран хатым дұғасы жасалды.

Тұрақты түрде Құран хатым жасап жүрген әйел жамағаты пандемия кезеңінде де онлайн түрде үрдісті тоқтатқан емес. Шағын құраммен кездесу өткізген әйел жамағатының ұстаздары Құран Кәрімді оқудың артықшылықтары мен сауабы жайлы айтты. Құран дәрістерінің тұрақты шәкірттері болып жүрген ақ жаулықты апа-әжелер жастарға тілектерін білдіріп, болашақ отаналарға батасын берді. Дүйсенбі күннің оразасын ұстаған әйел жамағатына ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: