26
Жұма,
Сәуір

һижри

Енді ит пен мысықтың етін жегендер қатаң жазаланады

Енді ит пен мысықтың етін жегендер қатаң жазаланады

Жаңалықтар
Жарнама

Үйде асырауға болатын жануарлардың етін жеу жануарларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі. Қазақстанда мысық, ит, алақоржын секілді үй жануарларының етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз осы тізімнің жобасын әзірледік, оған үйде асырауға болатын барлық дәстүрлі үй жануары енген. Қазіргі уақытта үй жануарлары ретінде ұсталатын жануарлардың негізгі классикалық тізімі – ит, мысық, тотықұс, алақоржын (хомяк), ақ тышқандар", - деді Шалабекова брифингте.

БАҚ өкілдері енгізілген нормаларды бұзғандарды кім және қалай анықтайтынын сұрады. 

"Егер азамат үй жануарын жануарларды бағатын орыннан алған болса, онда ол мекеме бұл итті бақылап отырады. Сатып алынған немесе сыйға тартылған жануарларға қатысты айтсақ, бұл жерде, менің ойымша, көршілердің көмегі болуы керек, бұрын иті бар еді, қазір қайда кетті деген сұрақ болуға тиіс. Ит – бұл көрінетін тіршілік иесі. Сондықтан егер ол кенеттен жоғалып кетсе, ал иесі оны іздемесе, көршілер хабар бере алады", - деп жауап берді вице-министр.

Үй ішінде асырауға болатын жануарлардың етін жеу жануарларды қинап өлтіру қылмысымен теңестіріледі.

Жаңа түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыс 200 АЕК-ке дейін немесе 583 400 теңгеге дейін айыппұл салуды және 50 күнге бостандықты шектеуді көздейді.

Ал бүгінде 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

дереккөз: sputnik.kz

Бөлісу: