Ақтөбе: Жаңа имам тағайындалды

Ақтөбе: Жаңа имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің имамы болып Ержан Мизамов тағайындалды. Ол осыған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы қызметін атқарған болатын.

Ержан Маратұлы – «Астана» медресе-колледжі мен Нұр Мүбарак университетінің түлегі. Жаңадан тағайындалған бас имамды жамағатқа Ақтөбе қаласының бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Еске салсақ, Ержан Мизамов имамдықпен қызметпен қатар осыған дейін атқарған ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы қызметін жалғастырады.

Бөлісу: