23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«HALAL EXPO-2021»: көрме аясында семинар өтті

«HALAL EXPO-2021»: көрме аясында семинар өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы және «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өтіп жатқан халықаралық «Halal EXPO-2021» көрмесі аясында халал сертификаттаушы органдар мен  кәсіпорындардың жиыны өтті.

Халал индустриясына ықпал етуші негізгі алаңдардың бірі саналатын шараға Қырғызстан өкілі Токтагазы Уулу Бактияр мен Ресейлік әріптес Садыков Самат мырза қатысып, халал индустриясы, кәсіпкерлік пен экспортты дамыту, халал стандарттау және сертификаттау мәселелерін талқылады.

«Халал – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек қателеспейміз. Діннің негізі құлшылықтың өзегін халал құрайды.  Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастарды нығайту, халал индустриясын қолдау мақсатында «Halal EXPO-2021» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашады деп сенеміз» деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар назарына ұсынды.

Семинар соңында, Айбек Асқарбекұлы қазақы әдеп бойынша шетелдік қонақтарға сый-құрмет көрсетіп: «Алла осында басып келген әрбір қадамдарыңызға сауаптан жазып, қызметтеріңізді берекелі қылғай! Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді» деген. Осынау игі іске үлес қосып, асыл дініміздің шынайы жанашыры болып, бірлесе қызмет атқарып, бауырластығымыз мен рухани байланысымызды нығайта түскен сіздерге Алла екі дүние жақсылығын нәсіп еткей!»  деді.

Айта кетейік, шетелдік және отандық үздік халал кәсіпорындардың қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық көрме бүгін де жалғасуда.

Бөлісу: