29
Жұма,
Наурыз

һижри

ҚМДБ төрағасы 465-үйдің кілтін жас имамға табыстады (фото)

ҚМДБ төрағасы 465-үйдің кілтін жас имамға табыстады (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Мағжан Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылында жаңадан салынған баспана кілтін жас имам Елнұр Нұрмаханға табыстады.

«Діни басқарма ауылда аянбай еңбек етіп жатқан жас имамдарды әлеуметтік тұрғыдан барынша қолдап келеді. Аллаға шүкір, дін жанашырлары біздің бастамамызға жан-жақты қолдау көрсетуде. Ауыл имамы алаңсыз қызмет етсін деген ниетпен баспана әперуге көмектескен демеуші азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен берілген 465-пәтер ауыл имамына бұйырды.

Бөлісу: