28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Нұр Астана» мешіті «АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЕҢ КЕМЕЛ» үздік шығарма байқауын жариялайды

«Нұр Астана» мешіті «АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЕҢ КЕМЕЛ» үздік шығарма байқауын жариялайды

Жаңалықтар
Жарнама

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай «Нұр Астана» мешітінің ummet.kz парақшасы инстаграм оқырмандары арасында «АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЕҢ КЕМЕЛ» атты шығармашылық байқау жариялайды.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ – жас ұрпақ арасында ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с) аяулы есімін, өнегелі өмір жолын үлгі ету. Қасиетті Мәуліт айын ұлықтау, жамағат арасында кеңінен насихаттап, берекелі өткізуге атсалысу.

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:

– «АДАМЗАТТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЕҢ КЕМЕЛ» тақырыбында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолында кездесетін адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық, имандылық қасиеттерін шығарма тіліне (эссе, шығарма, новелла) арқау етіп ұсыну;

– Біздің инстаграм парақшамызға (ummet. kz) жазылу және осы жазбаға лайк басу;

– Әрбір қатысушы байқауға ұсынған әсерлі жазбасын өз парақшасында #ummetmaulit2021 арнайы хэштегі арқылы жариялауы керек;

– Шығармалар 12-қарашаға дейін қабылданады.

 

Айта кетейік, байқауға қатысушының шығармасын (хэштег арқылы) оқи алу мақсатында инстаграм парақшасы ашық болуы міндетті.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

І ОРЫН – Құран кітабы (түпнұсқа), «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы, муслим бокс жиынтығы;

ІІ ОРЫН – «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны» кітабы, муслим бокс жиынтығы;

ІІІ ОРЫН – Құран кітабы (түпнұсқа), «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны» кітабы

 

Байқау жеңімпаздарын 15-қараша күні жариялаймыз.

Барлығыңызды сауабы мол ізгі байқауға қатысуға шақырамыз!

МӘУЛІТ АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

ummet.kz

Бөлісу: