18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Адамзат өзін сақтап қалғысы келсе, мына нәрсені істесе жетіп жатыр

Адамзат өзін сақтап қалғысы келсе, мына нәрсені істесе жетіп жатыр

Жаңалықтар
Жарнама

Британиялық TransitionZero климат орталығының сарапшылары адамзатқа өзіне өзі қазған көрден – жаһандық жылынудан болатын ғаламдық апаттан құтылатын жолды көрсетті.

Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ұйымның сайтына (transitionzero.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым сарапшылары адамзатты 2030 жылға дейін әлемдегі үш мың көмір электр стансасын жабуға үндеп отыр. тек осылай еткенде ғана атмосфера температурасының климат өзгерісіне қатысты Париж келісімі бойынша межеленген мөлшерін Цельсия бойынша 1,5 градустан асырмай ұстап тұруға болады. Мамандардың есебінше, әлем көмірден жыл сайын екі мыңнан аса гигаватт электр энергиясын алады. Адамзат климат өзгерісіне байланысты төніп келе жатқан ғаламдық апаттан аман қалғысы келсе, көмірмен жұмыс істейтін электр стансаларын екі есе кемітуі тиіс. Сондай-ақ, аталған ұйым өкілдерінің дерегінше, әлем бойынша қоршаған ортаның ластану деңгейінің жартысы тек бір ғана елге – Қытайға тиесілі болып шықты, яғни, жалғыз Қытайдың қоршаған ортаны ластаудағы үлесі 50 пайызға жетеқабыл.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: