15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Мәуліт 2021: Қазақ тілінде Мәуліт жыры айтылды

Мәуліт 2021: Қазақ тілінде Мәуліт жыры айтылды

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін мен дәстүрдің сабақтастығына ерекше мән беріп келеді. Осының нәтижесінде мешіттерде салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, жамағат ата дәстүрдің асыл дінімізден алыс еместігін сезінуде.

Осындай дін мен дәстүрдің сабақтастығын паш ететін игі істердің бірі – Мәуліт жырының қазақ тілінде орындалуы. Сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айына орай, Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Көркем  мінез кемеңгері – Мұхаммед» атты рухани мәуліт кешінде ерекше үрдістің бірі Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың өмірбаянын қазақ тілінде жырлауы болды.

Бұған дейінгі мәуліт мерекелерінде әуелі Пайғамбарымыздың балалық шағы, одан кейін пайғамбарлықтың келуі, миғражға көтерілуі, одан кейін хижреттің алғашқы жылдары мен Бәдір соғысы жырланған болатын.

Ал осы жылғы мәуліт кешінде хижреттің үшінші жылында болған оқиғалар, Ухуд соғысы, хазреті Хамзаның шейіт болуына тоқталды. Пайғамбарымызға арналған салауат жырларын көрермен көпшілік қауым қосылып айтып, зал ішін рухани әуезді әуен тербеді. Оқиға жалғасы келер жылғы мәуліт кештерінде жырланбақ.

Бөлісу: