28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Әзірет Сұлтанда» ерекше «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті

«Әзірет Сұлтанда» ерекше «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті. Мешіттің әйел шәкірттері мен ұстаздарының қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиылған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті.

Сондай-ақ, жәрмеңке сөрелерінен түрлі діни әшекей заттар мен әдеби-рухани кітаптар, мұсылман әйеліне арналған киімдер де орын тауып, керегін тапқан келушілердің ризашылығын тудырды.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі әр апта сайын жұма күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.

Бөлісу: