06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жамбыл облысында 4 үйдің кілті табысталды

Жамбыл облысында 4 үйдің кілті табысталды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігі ұйымдастырған Мәуліт кешінде «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша 4 баспананың кілті табысталды. 

Рухани кеште өңірдің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков сөз сөйлеп, мұқтаж 4 отбасыға 3 тұрғын үй және жаңа құрылған «Әулие ата – Һибатулла Тарази» қорының атынан 1 үй берілетінін айтып сүйіншіледі.

Имамдар сахнаға 469, 470, 471, 472-ші баспананың иелерін шақырып, кілтін табыстады. Айта кетейік, тұрғын үйлер зекет өкілдері және аудан имамдарының мұрындық болуымен, сондай-ақ  демеушілердің қолдауымен әрі Мәуліт кеші билетінің қаражатына сатып алынды. 

Баспана кілті Жамбыл ауданы, Қордай аудандарының тұрғындарымен қатар ауылдық мешітке имам болып барған жас маманға да табысталды. 

Сонымен қатар «Әулие-ата – Һибатулла Тарази» қайырымдылық қоры құрылығанын жеткізген имамдар қордың жетекшісіне құжаттарды салтанатты түрде табыстады. Айта кетейік, енді барлық дүкендерде аталған қордың қайырымдылық жәшіктері тұрады. Ал қор елдің садақа деп салған аманатын мұқтаж отбасыларға осындай үлкен көлемді көмек ретінде жеткізіп отырады.

Бөлісу: