12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: Әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті

Алматы: Әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі, Жетісу ауданына қарасты "Әл-Мәдина" мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында құран жарысы өтті. 

Рухани, тағылымы мол сайысқа мешіт шәкірттері, құран жаттаған қыздар қатысып, Қасиетті Құран Кәрімнің 29, 30-парадан және Ясин сүресінен жарысқа түсті. Екі дүниенің бақытына апарар Алланың сөзін жүрекке жеткізе оқыған қыздар дауысы мешітті ерекше әуенге бөледі. Шәкірттердің білімдерін сараптауға тұңғыш рет мешіттің әйел ұстаздары Ғалия Әбілдаханқызы, Гүлзат Ескендірқызы, Айнұр Жарқынбекқызы қазылық етті. Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтылды. Құран жарысының ұйымдастырылып өтуі мен жүлде қорына 2 млн теңге қаржылай қолдауды "Елге көмек" және "Сәлем" қайырымдылық қорлары демеушілік жасады. Жарыс қатысушыларына арнайы дастархан жайылып, сый-сыяпат көрсетілді.

Жарыс қорытындысына сәйкес:

ЯСИН СҮРЕСІ БОЙЫНША:

I - орын Инаятулова Хамида (Y5 lite ұялы телефон)

II - орын Сайфуллина Зулфия (25 000 тг)

III - орын Беспаева Анель (15 000 тг) 

29-30 ПАРА БОЙЫНША:

I - Құрмашева Амира (I Pone 12) 

II - Түсіпжанова Анель (100 000 тг)

III - Мырзабек Іңкәр (60 000 тг) иеленді.

30-шы ПАРА БОЙЫНША:

I - Оразғали Мадина (100 000 тг)

II - Казен Амина (70 000 тг)

III - Өнерқызы Айша (40 000 тг) қаржылай жүлделер үлестірілді. Құран жарысын ұйымдастыруда белсенділік танытып, әділ қазылық еткен ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

Алла тағала: "Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер", – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман, Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан білеміз. Осы амалдарды бойына сіңіріп, шеберлікпен Құран оқуға зейін қойған қыздарға Алла разы болғай!

дереккөз: azan.kz


Бөлісу: