07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

170 жыл бойы адамзат көзіне түспеген ғажайып құс мұсылман елінде таспаға түсіп қалды (видео)

170 жыл бойы адамзат көзіне түспеген ғажайып құс мұсылман елінде таспаға түсіп қалды (видео)

Жаңалықтар
Жарнама

Әлеуметтік желіде осыдан бір жыл бұрын таспаға тартылып қалған құстың видеосы жарияланды.

2020 жылдың қазан айында Индонезияның Оңтүстік Калимантан  провинциясы аумағынан сұр-күрең түсті, табиғатта өте сирек кездесетін әрі 172 жыл бойы адамзаттың көзіне шалынбаған құс таспаға тартылып қалған еді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл құстың қара қасты тышқан тимелиясы екенін анықтады. Орнитологтарға арналған туристік сапарды ұйымдастырумен айналысатын Birdpacker компаниясы ғалымдардан жасақталған экспедицияны аталған құстың мекендейтін ортасына жеткізген екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл құстың өзгелердің назарын өзіне аудармасы үшін барынша дыбыс шығармай ұшуға тырысатынын алға тартып отыр.

дереккөз: islam.kz

Бөлісу: