12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Наиб мүфти батыр бабалар рухына тағзым етті (фото)

Наиб мүфти батыр бабалар рухына тағзым етті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеу облысы Волоколамск қаласында аты аңызға айналған8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясыныңМәскеу түбіндегі шайқастағы ерен ерлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Ресейге ресми сапармен барған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, батыр бабалар рухына Құран бағыштап, тағзым етті.

«1941 жыл­дың 16 қарашасындағы Дубо­секово разъезі түбінде қазақстандық 28 панфиловшы батырлар Мәскеуге кіруге тырысқан неміс танктері колоннасын жеңіп, ұрыс-даласында жеңіске жеткен болатын.

Құранның «Әли Имран» сүресінің 169-аятында «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Керісінше олар тірі әрі Раббыларының дәргейінде ризық-несібеге бөлінуде» делінген. Қан майданда елім-жерім, ұрпағым деп жауға қарсы шайқасып, шейіт болған бабаларымызды Алла Тағала рақымына алып, жандарын жәннаттан еткей!» деді Ершат Оңғар.

Бөлісу: