03
Жұма,
Мамыр

һижри

ҚМДБ төрағасы 200 отбасыға азық-түлік қорабын үлестірді (фото)

ҚМДБ төрағасы 200 отбасыға азық-түлік қорабын үлестірді (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінде өткен қайырымдылық іс-шараға қатысты.

«Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беріп келеді. Соның бірі – қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар. Мешіт – мейірімділік пен қайырымдылық мекені. Біз қашан да халқымызға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетуге дайынбыз. Игі іске үлес қосқан барша демеуші азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, қайырымдылық іс-шара аясында 200 отбасыға азық-түлік қораптары таратылды.

Бөлісу: