29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті салт-дәстүрді ұлықтады

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті салт-дәстүрді ұлықтады

Жаңалықтар
Жарнама

Дін мен дәстүр – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маңызды жұмыс бағыттарының бірі.

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде дін мен дәстүр бағытын насихаттау, асыл дініміз Ислам мен бабалар ұстанған салт-дәстүрлерімізді халыққа кеңінен насихаттау, дін мен дәстүрдің сабақтастығын келер ұрпаққа жеткізу мақсатында тұсаукесер рәсімі болып өтті. Қазақ халқының баланың болашағына үлкен тілектестікпен тұсаукесер жоралғысын өткізуі ислам дінінің түпкі мақсатына толықтай сай келеді.

Мешіт жамағатының ақ жаулықты әжелері ниет білдіріп келген отбасының ұсынысымен Алланың үйінде кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті. Бұл әдемі дәстүр мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының атсалысумен ұйымдастырылды. Рәсім соңында әжелеріміз ақ тілектерін жаудырып, бүлдіршіннің қаз-қаз қадамына ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

Tusaykeser 1

Tusaykeser 2

Tusaykeser 3

Tusaykeser 4

Tusaykeser 5

Tusaykeser 6

Tusaykeser 7

Tusaykeser 8

ummet.kz

Бөлісу: