27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«НҰР АСТАНА» МЕШІТІНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

«НҰР АСТАНА» МЕШІТІНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Жаңалықтар
Жарнама

Өткен аптада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен ұсыныс түскен болатын. ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталатындығы туралы шешім қабылданды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қабылданған шешім нәтижесінде бүгін қасиетті жұма күні ресми түрде Әбу Насыр әл-Фараби атындағы жаңа мешіт атауымен тақтайша орнатылды.

Мешітке ойшыл, ғұлама атауы берілу шарасына бірқатар зиялы қауым өкілдері мен белгілі қонақтар және мешіт жамағаты қатысты. Атап айтсақ, салтанатты шараға қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы арнайы келіп, мешіт ұжымын құттықтап, ақ тілектерін арнады. Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов ҚМДБ бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемдемесін жеткізіп, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әнуарбекұлымен бірге жаңа мешіт атауы жазылған мемориалдық тақтаны салтанатты түрде ашып берді.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ғарифолла Есім мен филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы мешіт тарихынан сыр шертіп, Әбу Насыр әл-Фарабидың тарихтағы, Ислам тарихындағы елеулі есіміне тоқталып, бүгінгі шара тарихи сәт екенін атап өтті.

Осылайша бүгінгі жұма намазына жиылған жамағат та жаңа мешіт атауымен танысты. Сонымен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы жұма намазы оқылды. Мешітті ұлы ойшылдың есімімен аталуында үлкен тағылым мен тәлім жатыр. Әлемге ілім мен білімнің шуағын шашқан «екінші ұстаз» нағыз мұсылмандық сипатқа ие тұлға болған. Әділетті, иманына берік, азға қанағат, барға тәуба еткен, өте қарапайым қасиетке ие Ислам әлемінің ғұламасынан алар өнегеміз орасан зор.

Барша мұсылманды бақытты болуға шақырған, өмір бойы қайырымды қалада тұруды армандаған асқақ алыптың атымен аталатын «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің іші жамағатқа, сырты береке мен бірлікке толғай!

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

ummet.kz

Бөлісу: