20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мәйітті кебіндеуге қатысты дәріс өтті

Мәйітті кебіндеуге қатысты дәріс өтті

Жаңалықтар
Жарнама

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру дәрісі өтті.

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов ерлер жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұны бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып, манекен арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар адамның дәм-тұзы таусылар сәтте иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді.

Одан өзге дәрісте діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды. Дәріске қатысушы шәкірттер тақырып аясында қосымша сұрақ қойып, мол мағлұмат алды.

Бөлісу: