03
Жұма,
Мамыр

һижри

«Мұсылманша мотивация» тренингі өтті (фото)

«Мұсылманша мотивация» тренингі өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Дәділұлының бастамасымен "Өміріңді өзгерт. Мұсылманша мотивация" атты оқырманға арналған тегін тренинг өткізілді.  

Тренинг спикерлері әрі "Мұсылманша мотивация" кітабының авторы Қалқаман мешітінің бас имамы Руслан Қамбар және "Нұрлытау" мешітінің бас имамы ұстаз Темірбек Пернебекұлы. Іс-шара Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты "Қарағайлы қайырымдылық мекемесінде" өткізілді. Тренинингке алдын-ала тегін жазылған 40 қа жуық адам қатысты. 
Кітап авторы Руслан Қамбар өмірде өзіңді табу, көркем мінезге жету жолдарын, сондай ақ рухани даму жолында тың ойларымен бөлісті. Оқырманмен кері байланыс орнатып, халықтың көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ өмірді өзгертіп, жақсылыққа ұмтылуға мотивация беретін бейне роликтер мен суреттер көрсетілді.
Тренингте дін мен дәстүр ұласқан қазақтың күмбірлеген домбырасымен жаңғыру мен жаңару жолында жігер беретін термелер шырқалды. Шара соңында оқырман қауым "Өміріңді өзгерт, Мұсылманша мотивация" кітабына авторынан қолтаңба алды. Тренингте қатысқан жандарға "Қарағайлы қайырымдылық мекемесі" атынан сертификаттар табысталып, бауырсақ пен бал қымыздан дәм ұсынылды.

дереккөз: azan.kz

Бөлісу: