16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: орталық мешітке ұстаз тағайындалды

Алматы: орталық мешітке ұстаз тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ахметов Серік Полатханұлы Алматы Орталық мешітіне ұстаз қызметіне тағайындалды.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" Республикалық ислами діни бірлестігінің Жарғысына сәйкес Ахметов Серік Полатханұлы Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты "Қайрат" мешітінің ұстазы қызметінен босатылып Алматы Орталық мешітіне ұстаз болып тағайындалды. Бас мүфти бұйрығын Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы жұма намазынан соң көпшілік жамағатқа оқып, ұстазды таныстырды. Серік Полатханұлы ұстазға дін жолында аянбай еңбек етуіне сәттілік тіледі.

Ахметов Серік Полатханұлы

1996-2007 жж. С. Майлықожа атындағы орта мектеп түлегі.

2003-2005 және 2006-2007 жж. Сарыағаш медресесінде тәлім алған.

2005-2006 жж. Шымкент қаласындағы «Дару әл-Арқам» атындағы Құранды жаттату орталығында оқыған.

2007-2011жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавр.

2012-2014 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрі.

2014 жылы Малайзия мемлекетіндегі «UniSZA» университетінде курстардан өткен.

2009-2011 және 2012-2014 жж. университет оқуымен қатар Алматы қаласы, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің жанындағы қарилыққа дайындайтын медресені бітіріп, Құранды толық жаттаған.

Еңбек жолы:

2011-2012 жж. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, Бас мүфтидің бұйрығымен, Жамбыл облысы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешітінде азаншы.

2015-2017 жж. Алматы қаласы, «Әл-Азим» мешітінде наиб имам. Сонымен қатар, осы жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында ұстаздық еткен.

2017-2020 жылдары Алматы Орталық мешітінде азаншы.

2020 жылдың 21-қыркүйегінен Алматы қаласы «Қайрат» мешітінде ұстаз

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «Исламтану» кафедрасының ұстазы 

2021 жыл 23 қарашадан бастап Алматы Орталық мешітінің ұстазы.

Кәсіптік дағдылар: Компьютермен жұмыс, іс қағаздарын жүргізу

Меңгерген тілдері: Қазақ тілі –ана тілі,  орыс тілі, араб тілі – еркін

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баласы бар.

дереккөз: azan.kz

Бөлісу: