20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Смайыл Сейтбеков Нұр-Мүбарак студенттеріне дәріс оқыды (фото)

Смайыл Сейтбеков Нұр-Мүбарак студенттеріне дәріс оқыды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Исламтану мамандығы бойынша биыл оқуға түскен бірінші курс студенттері үшін қашанда білім жолында, өмір алаңында білікті мамандар мен тәжірибелі тұлғалардың дәрісі, бағыт-бағдар көрсететін ақыл-кеңесі маңызды. Осы орайда Смайл Сүйерқұлұлы студенттерге ислам жолындағы білім алу мен қызмет етудің ерекшеліктерін жіті түсіндіріп, мысалдармен қызықты насихат айтты.

«Сіздердің араларыңыздан атақты ғалым, ұстаз, қари, хафиздар шығуы мүмкін. Баршамыз, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бар мүмкіншілікті жасауға тырысамыз. Дін саласының қиындығы бар. Бірақ Алла Тағала әр қиындық артынан жеңілдік бар деген. Алғашқы кезде қиын болуы мүмкін, кейін мейірім есіктерін ашылады, бастысы ниет дұрыс болуы керек. Қиссада келген ең үлкен ақиқат – ажал, ең үлкен жалған – өмір, ең үлкен биік – мақсат екенін білдіңіздер. Мақсаттарың биік әрі айқын болса, алынбайтын қамал жоқ. Сіздер Нұр-Мүбарак университетіне түскендіктен, сол биік мақсат жолында білімдеріңізді шыңдап, негізгі ниеттеріңізге адал болсаңыздар өздеріңізге де, елге де пайдалы азамат болатындарыңызға сенеміз» деді бөлім меңгерушісі.

Студенттерді білімді барынша тиімді меңгеру мәселесі көбірек қызықтыратыны байқалды. Себебі кездесу барысында көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып қана қоймай, білімге деген жаңа серпіліспен алдағы емтихандарға дайындыққа кірісіп кетті.

Бөлісу: