29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ақтөбе: Ырғыз ауданына имам тағайындалды

Ақтөбе: Ырғыз ауданына имам тағайындалды

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мешітінің бас имамы болып Бауыржан Мырзабай тағайындалды.

Ол – бұған дейін Шалқар қалалық «Жанаман ахуын Сейітімұлы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкері, «Ақтөбе» политехникалық колледжі мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі.

Жаңадан тағайындалған имамды жамағатқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Бөлісу: