26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Уақып» қоры жұмысын жандандыру бағытында келісімдер жасалды (фото)

«Уақып» қоры жұмысын жандандыру бағытында келісімдер жасалды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ делегациясыныңТүркия Республикасына ресми сапары барысында «Уақып» қорының» президенті Ардақ Нүсіпханұлы Анкара қаласындағы «Түркия дианет уақфы» басшысы Ихсан Ачикпен кездесті.

Ресми кездесу барысында екі қор арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, тәжірибе алмасу сынды бірқатар өзекті мәселелер келісілді.

Қор басшысы Ардақ Нүсіпханұлы Қазақстандағы «Уақып» қорының жұмысымен таныстырып, алда атқарылар жоспарлы жобалар мен бағдарламаларды көрсетті.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен «Түркия дианет уақфы» мен ҚМДБ арасында әріптестік байланыс орнатып, Діни басқарма жанынан құрылған «Уақып» қорына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде келісім жасалған болатын.

Бөлісу: