06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ұлттық спорт түрлерінен медресеаралық жарыс өтті (фото)

Ұлттық спорт түрлерінен медресеаралық жарыс өтті (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұлттық спорт түрлерінен медресе шәкірттері арасында ІІ республикалық жарыс өтті.

Дүбірлі дода ұлттық спорттың 4 түрінен ұйымдастырылды. Еліміздің 9 медресесінен келген шәкірттер садақ ату мен арқан тартудан, сондай-ақ үстел теннисі мен кермеге тартылудан бақ сынады.

Спорттық сайысқа Республикалық садақ ату федерациясының вице-президенті Диас Ахметов бастаған төрешілер қазылық жасады.

Жарыс нәтижесіне келсек, Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресесінің шәкірттері оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанса, «Астана» медресесі командалық есепте 2-орыннан көрінді. Ал Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері жүлделі 3-орынды місе тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, сондай-ақ «Астана» медресесінің директоры Бақтыбай Қыдырбайұлы құттықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Бөлісу: