03
Жұма,
Мамыр

һижри

Шымкент: «Әдемі әуезді Азан» байқауы өтті

Шымкент: «Әдемі әуезді Азан» байқауы өтті

Жаңалықтар
Жарнама

«Шымкент» медресе-колледжінің бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында студенттер арасында «Әдемі әуезді Азан» азан байқауы өтті.

Байқауға «Шымкент» медресе-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарқұл Сырманов, ұстаздар Бейбіт Бітебаев, Орынбек Химбал төрелік етті. Жарыс өте қызықты һәм тартысты өтті. Топ ішінен І орынды Карамтулла  Валиев, ІІ орынды Жолдас Жұмабек, ІІІ орынды Әнуар Дәуренбек иеленді. Жеңіпаздарға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атынан арнайы алғыс хаттар мен кәдесый табысталды.

Бөлісу: