03
Жұма,
Мамыр

һижри

Сыр имамдары 2021 жылды қорытындылады

Сыр имамдары 2021 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
Жарнама

Қорытынды жиын ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен өтті.

Жиналысқа Қызылорда облыстық орталық мешітінің наиб имамдары, қала және аудан мешіттерінің имамдары мен «Зекет және қайрымдылық қоры», Жастар ісі секторы, Әйел-қыздар секторының жауапты өкілдері қатысты.

Алқалы жиналыста имамдар ҚМДБ тарапынан бекітілген 7 бағыт бойынша жыл бойына  атқарылған жұмыстардың есебін тапсырды.

Жиналыс барысында  облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қала және аудан мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбегіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар  барысында маңызды тұстарды атап өтіп, алдағы жылы одан әрі жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жетілдіруді тапсырды. 

Алқалы жиынның соңында Болатбек Ұласқанұлы Сыр  имамдарына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметовтың және облыстық дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовтың атынан арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Бөлісу: