08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Алматы: «Тәуелсіздік – Алланың ұлы нығметі» рухани кеші өтті

Алматы: «Тәуелсіздік – Алланың ұлы нығметі» рухани кеші өтті

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігінің бастамасымен Наурызбай ауданына қарасты "Қарағайлы қайырымдылық мекемесінің" ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік - Алланың ұлы нығметі” атты рухани кеш өтті.

Рухани кешті жүргізуші Пернебекұлы Темірбек келген халықты Тәуелсіздік мерекесімен құтықтап, кештің маңыздылығы жайлы айтып өтті. Батамен ел көгереді демекші ақсақалдың батасымен басталып, әнұран айтылды.
Әуелі құттықтау сөзі Алматы орталық мешітінің найб имамы Қуаныш қари Тоқсанбайұлына сөз берілді. Қуаныш қари Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан Дәділұлының сәлемін жеткізіп, Тәуелсіздік тақырыбында уағыз айтты.
"Қарағайлы" мешітінің бас имамы Бақытжан Смайлов пен "Қарағайлы қайырымдылық мекемесінің" директоры Қасымалиев Бақтияр қари тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Рухани кеште көпшілікке Тәуелсіздік жайлы бейне-роликтер көрсетіліп, дәстүрлі әнші Бақтыбай Сәулетбай “Елім менің аңсаған” әнін шырқады.
Сондай-ақ тәуелсіздікке байланысты сұрақ-жауаптар беріліп, жеңімпаздарға және "Қарағайлы қайырымдылық мекемесін" салуға себепші болған жомарт Ералы ағамыздың аяулы анасы Жеңісгүл апамызға “Ихсан рухани тәрбие негізі “кітабы табыс етілді.
Кешіміздің негізгі кезеңі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жомарт жандардың себебімен 10 мұқтаж отбасыға қайырымдылық сертификаттары берілді.
Кеш соңында Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарға "Қарағайлы қайырымдылық мекемесінің" шәкірттері 10-рет оқылған құран хатымның сауабы бағышталды.
Кеш соңында көк туымыз мәңгі желбірей берсін деп келген әрбір қонаққа сыйлық үлестірілді. 

дереккөз: azan.kz

Бөлісу: