13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

ҚМДБ Алматы өкілдігі 2021 жылды қорытындылады

ҚМДБ Алматы өкілдігі 2021 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
Жарнама

ҚМДБ Алматы өкілдігі 2021 жылды қорытындылады. Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жеті бағыт аясында 8 аудан имамдарының қорытынды есебін тыңдады.

Әр ауданға қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған жұмысы жинақталып, орындалу деңгейі көрсетілді. Алматы қаласы өкілдігі жоспарға сәйкес жұмыстарды орындап, 2021 жылы 8 912 499 адамды қамтыған 17 091 іс-шара өткізді. Аталмыш шаралар Алматы қаласындағы Бас мүфти бұйрығымен қызмет етіп келе жатқан 240 діни қызметкердің ұйымшылдық әрекетімен жүзеге асырылды. 
Биыл Алматы мешіттерінің мекен-жайы картаға енгізілді. Қала мешіттеріне 624 рет кураторлық сапарлармен қатар 16 рет Бас имамның қатысуымен жеті бағыт жұмысына нұсқаулықтар беру үшін кеңейтілген жиналыс өтті. 208 сенбілік шарасы ұйымдастырылды. 26 мешітте жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Таугул-3» мешіті жанынан 800 шм екі қабатты асхана мен дәрісхана пайдалануға берілді. Бұрынғы «Әмин» мешітінің орнына демеушілер тарапынан жаңадан мешіт салынып, оған Абай Құнанбайұлы атауы берілді. 
Бас имам Төлеби Дәділұлы діни басқарма бекіткен 7 бағыт бойынша көрсеткіші жоғары болған аудан имамдарына алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар дін насихатында аталмыш бағыттар бойынша белсенділік танытқан дін қызметкерлерін де алғыс хатпен марапаттады. Алматы өкілдігінің жеті бағыт бойынша жыл қорытындысының әр бағыты арнайы жарияланатын болады.

Бөлісу: